Алтай Әбибуллаев не үшін жұмыстан босатылғаны белгілі болды

Алтай Әбибуллаев не үшін жұмыстан босатылғаны белгілі болды Алтай Әбибуллаев.

Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев шаруашылық жүргізуші субъектінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекеттену түрінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабын хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев шаруашылық жүргізуші субъектінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекеттену түрінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабын хабарлады.

"2017 жылғы 9 ақпанда өткен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы барысында ҚР Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
А.И. Әбибуллаевты шаруашылық жүргізуші субъектілерінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекеттенумен байланысты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қаралды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша А.Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

2017 жылы 1 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Осыған дейін елшіні жауапкершілікке тарту ұсынылған. Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі болып 2016 жылдың 11 мамырында тағайындалған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети