04 наурыз 2017 | 13:09

Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратпауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратқандарды заңмен қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратқандарды заңмен қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанның Польшадағы елшісі болған Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратпауды сұрады. 

"Мен туралы қажетсіз кез келген қауесет пен болжамдардан бас тартуларыңызды сұраймын. Бұл ҚР заңнамасымен қудаланады", - деп жазды ол Twitter желісіндегі аккаунтында.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның Польшадағы бұрынғы елшісі Алтай Әбибуллаевтың шаруашылық жүргізуші субъектінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекеттену түрінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны белгілі болған еді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2017 жылғы 9 ақпанда өткен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы барысында ҚР Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
А.И. Әбибуллаевты шаруашылық жүргізуші субъектілерінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекеттенумен байланысты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қаралды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша А.Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

2017 жылы 1 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Осыған дейін елшіні жауапкершілікке тарту ұсынылған. Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі болып 2016 жылдың 11 мамырында тағайындалған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети