Nur Otan партиясы делегаттарының қабылдаған шешімімен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қалалық партия филиалының төрағасы қызметiн атқарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Nur Otan партиясы делегаттарының қабылдаған шешімімен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қалалық партия филиалының төрағасы қызметiн атқарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ɵз сɵзiнде Алтай Көлгіновтiң тәжірибесі мен кәсібилігі елорданың одан әрі табысты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.
"Сіздің басшылығыңызбен партияның астаналық филиалы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдімін. Сіздерге табыс пен сәттілік тілейміз!", - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
Елорда әкімі партия делегаттарына сенім мен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
"Партияның XVIII съезінде төрт ұлттық жобаны іске асыру басталды: Құтты мекен", "Халыққа көмек", "Бақытты отбасы", "Ауыл - Ел бесігі". Дәл осы бағдарламалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты. Менің ойымша, біз бір партиялықтармен бірге алдымызға қойылған барлық міндетті жүзеге асыру үшін жұмыс істеуіміз керек. Мәслихат хатшысымен бірге қаланың шетін аралап шықтым. Тұрғындар нақты проблемалар қалай шешiлетiнiн көруі тиіс. Әрбір ауданда шешілуі қажет өзекті мәселелер бар. Барлық бағыт бойынша жұмыс басталып кетті", - деді партия делегаттарына Алтай Көлгінов.
Конференцияда сондай-ақ сайлау науқанының қорытындысы мен партияның астаналық филиалының алдағы кезеңге арналған міндеттері қаралды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бере отырып, қазақстандықтар Елбасы бағытын жалғастыруды қолдады. Сайлау бәсекеге толы болды. Қазір Қазақстан халқы бізден нәтиже күтiп отыр. Жұрт өздерінің әлеуметтік мәселелерін тезiрек шешкісі келеді. Сондықтан біздің алдымызда маңызды міндеттер тұр. Бізге жастарды қолдап, оларды біздің жұмысымызға белсенді түрде тарту қажет", - деді Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.