Алтай Көлгінов Үкіметте қандай қызмет атқарады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Көлгінов Үкіметте қандай қызмет атқарады? Фото:gov.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі. Ол Үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі. Ол Үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Вице-премьер білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты және т.б. мәселелерді бақылауына алады", - делінген хабарламада.

Әлихан Смайылов Алтай Көлгіновке жаңа лауазымда жұмысының табысты болуын тіледі.

Еске салайық, Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Көлгінов 2019 жылдың 13 маусымынан 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін елорда әкімі қызметін атқарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети