Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Тағайындау

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды 09 желтоқсан 2022, 10:20

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Алтай Көлгінов 2019 жылы маусымда Астана әкімі болып тағайындалған еді. Ол 2022 жылы 8 желтоқсанда Астана әкімі қызметінен кетті.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет еткен.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. Ал 2008-2010 жылдары - "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары болған.

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарса, 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram