15 тамыз 2023 09:30

"Алтын Орда" базарында тағы дау туды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Оқу жылы қарсаңында "Алтын Орда" базарында оқу құралдарына байланысты дау туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.


Оқу жылы қарсаңында "Алтын Орда" базарында оқу құралдарына байланысты дау туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті әкімшілік сатушыларға төменгі қабатқа (жертөле) көшуді ұсынады. Кәсіпкерлер бұл ұсыныспен келіспейді, өйткені сатып алушылар тұрақты сауда нүктесіне үйреніп қалған.

"Қазір жертөлеге ешкім келмейді. Өйткені кеңсе тауарлары сыртта көп сатылады. Олардың барлығы жертөлеге көшірілетін болса, онда сауда жасауға қарсы емеспіз", - дейді кәсіпкер Жанна Жәлімбетова.

"Мен жертөледе былтырғы қарашадан бастап сауда жасаймын. Содан бері саудам жүрмеді. Жалдау ақысын да, несиені де жаба алмай отырмын. Қарызға баттым. Егер бәрі де жертөлеге көшірілсе және бәрі, кеңсе керек-жарақтары бір жерден сатылса, мұндай болмас еді", - деді кәсіпкер Мейрамгүл Төреханова.

Мәселе мынада, кеңсе тауарларын сатушылардың бір бөлігі жертөлеге көшуге келісті, ал екінші бөлігі сатып алушылар әлдеқайда көп көшеде саудасын жалғастырып жатыр.

"Бұл адамдардың басты талабы - көшедегі сатушыларды жертөлеге көшіру, сол арқылы барлығын бір жерге біріктіру. Бірақ мәселе мынада, дүңгіршегі көшеде тұрғандар сауда нүктелерін қосалқы жалға беру арқылы қыруар ақша төлеген. Кейбіреулер бұл жер өтімді болатындықтан бір жарым миллион төлейді", - дейді заңгер Ізбасар Өтеулин.

Базар әкімшілігі саудаға бірдей жағдай жасау мақсатында кеңсе тауарларын сататындардың барлығын бір жерге біріктіруді жоспарлап отырғандарын қосты. Алайда, кәсіпкерлер келісімге келе алмағандықтан, әркім өз орнында қалуға рұқсат етілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети