29 қаңтар 2017 16:51

"Алтын Орда" базарының жабық тұрғанына байланысты адамдар жолдан өте алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер суреті Куәгер суреті

Алматыда Универсиада-2017 ойындарының ашылу күні "Алтын Орда" базарында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған жолүсті өткелі жабық тұр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгер айтып берді. 


Алматыда Универсиада-2017 ойындарының ашылу күні "Алтын Орда" базарында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған жолүсті өткелі жабық тұр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгер айтып берді. 

Осыған дейін 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында сауда саттықпен айналысатын бірнеше нысанның уақытша жабылатыны хабарланған болатын, оның ішінде "Алтын Орда", "Барлық", "Арзан" гипермаркеті, Car City және тағы басқалар бар.

Жаяу жүргіншілерге арналған жолүсті өткелі "Барлық" және "Алтын Орда" базарларын жалғайды. Осы жолдан өте алмаған жаяу жүргіншілер, өз өмірін қатерге тігіп, көлік жолын кесіп өтуге мәжбүр болған. 

Алматылықтың айтуынша, жаяу жүргіншіге арналған басқа өткелдің ара-қашықтығы тым алыс. Бір өткел - "Апорт" СО маңында, ал екіншісі Абай ауылына бұрылатын қиылыста бағдаршам орналасқан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети