Америкалық компания қазақстандық фермерлерді оқытатын болады

10 Шілде, 11:37
0
Америкалық компания қазақстандық фермерлерді оқытатын болады - © primeminister.kz
© primeminister.kz

ҚР Үкіметі мен Valmont Industries ТҰК АӨК саласында инвестициялық ынтымақтастықты іске асыру туралы құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Үкіметі мен американдық компаниялардың ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл бойынша құжаттарға қол қоюына қатысты. 

Жерлерді суару саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров пен Valmont Industries президенті, бас директоры Cтив Каневски қол қойды. 

Жоба суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жем-шөп өндіру, фермерлерді оқыту мен тренинг өткізу, білікті кадрар даярлау саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құруға бағытталған. Заманауи ирригациялық қондырғылар ұсынылатын алаңдарды Ақмола және Түркістан облыстарында құру жоспарланған. 

Өз кезегінде, Valmont Industries, Global Beef (АҚШ) және Kusto Group (ҚР)  арасында қол қойлыған келісімнің мақсаты - Қазақстанда қуаттылығы жылына кемінде 1000 жүйе болатын, инвестициялар көлемі $50 млн құрайтын заманауи ирригациялық қондырғыларды шығаратын зауыт салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай