13 қараша 2020 09:20

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы ата-анасын іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

2003 жылы америкалықтар асырап алған қазақ қызы биологиялық ата-анасын анасын іздеп жатыр. Бұл туралы "Алматы" телеарнасының сюжетінде айтылады.


2003 жылы америкалықтар асырап алған қазақ қызы биологиялық ата-анасын анасын іздеп жатыр. Бұл туралы "Алматы" телеарнасының сюжетінде айтылады.

Телеарна мәліметінше, 2003 жылы Әсем Асылбекованы 1 жасында америкалықтар Алматы облысының Есік қаласындағы балалар үйінен алып, асырап алған екен.

Қазіргі ата-анасы АҚШ-қа барған соң есімін Сара деп өзгерткен.

"Бәріңе сәлем! Мен, Сара, биологиялық анамды іздеп тапқым келеді. Мені Есіктегі балалар үйінен алып кетті. Әкемнің атын білмеймін. 2002 жылы дүниеге келдім, 2003 жылы мені асырап алды", - деп жазды ол.

"Биологиялық анамның есімі - Саида Асылбекова. Мендегі құжаттарда оның 1980 жылы дүниеге келгені көрсетілген. Есімім Әсем Асылбекова. Көмектесе алсаңыздар, өтінемін маған хабарласыңыздаршы", - деп жазды қазақ қызы.

Телеарнадағылар Саида Асылбекованы танитындардан мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7(727) 266 39 67 немесе +7(777) 046 33 33.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети