23 қаңтар 2015 | 19:26

Ан-2 апатынан аман қалған қыздың ағасы оқиға туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ан-2 апатынан аман қалған Әсем Шаяхметованың ағасы Азамат қыздың әңгімесі бойынша төтенше оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ан-2 апатынан аман қалған Әсем Шаяхметованың ағасы Азамат қыздың әңгімесі бойынша төтенше оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір ол есін жиған күйі сөйлеседі, бәрін түсінеді. Ол ұшақ есігінің жанындағы орында отырған, сол орын ғана бүтін күйі сақталған, қалған орындардан ештеңе қалмаған. Ол 30 минуттан соң оянған кезде қасында борт-механик жатқанын айтты. Ол "көмектесіңдер!" деп айқайлай бастайды. "Содан кейін директор Ғабит Төлеубаев жатқанын көрдім" дейді, бұл оған толық аты-жөнін айтып сөйлесе, ол бұрылып қарамайды. Оның айтуынша, ол жерде бір метрден асатын қар болды, ол қарды қаза бастаған", - дейді Азамат Шаяхметов Tengrinews.kz тілшісіне.

Содан кейін Әсем бір адамның қалтасынан телефон алған. Құтқару қызметіне өзі хабарласады. Азаматтың айтуынша, қарындасы ұялы телефонға қарағанда уақыт 15.50 болған, оны сол кезден бастап іздеген, қызды шамамен 17.40-та тауып алып, 19.00-да Шу ауруханасына жеткізген. 

Оның айтуынша, ұшқан кезде адамдардың бәрі ұйықтап отырған. "Ол "соққы кезінде барып ояндық, басқа ештеңе есімде жоқ, қалай құлағанымызды білмеймін" дейді", - деді Азамат. 

Ағасының айтуынша, қазір Әсем жансақтау бөлімінде, сейсенбі күні оған кезекті операция жасалады. "Оның тірі қалғанына бәріміз қуаныштымыз. Ол дәрігерлердің бәріне: "үш айдан соң тұрамын, үш айдан соң жұмысқа шығамын" дейді екен", - дейді Азамат. 

Шаяхметовтің айтуынша, қызда сирек кездесетін төртінші топтағы қан болғанымен, оған жеткілікті деңгейде қан жиналды. "Қазақмыс" қызметкерлері, Азаматтың достары мен басқа да қазақстандықтар қан тапсырған. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауынан жалғыз тірі қалған 1986 жылғы Әсем Шаяхметова жуырда Астанадағы қалалық аурухананың көпжарақаттылық бөліміне жеткізілген еді. Дәрігерлердің айтуынша, ол бір жылдан соң түгел сауығып кетуі мүмкін. 

Бұл әуе апаты 20 қаңтар күні сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында болды. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ "Қазақмыс" компаниясының тапсырысы бойынша Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Тергеу оқиғаға себеп болуы мүмкін бірнеше жайтты тексеріп жатыр. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі. Алты адам қаза тапты. Олар: "Қазақмыс" қызметкерлері Ғабит Төлеубаев, Ербол Ыбыраев, Ұлбазар Есмағанбетова және экипаж мүшелері: Валерий Клюшев, Виктор Савельев және Василий Литвинов. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети