Ан-2 апатынан зардап шегушінің қалай аман қалғаны айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Жамбыл облысында болған Ан-2 ұшағы апатынан Әсем Шаяхметованың тірі қалуына түрлі жағдайлардың тоғысуы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мықтыбаевқа сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында болған Ан-2 ұшағы апатынан Әсем Шаяхметованың тірі қалуына түрлі жағдайлардың тоғысуы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мықтыбаевқа сілтеме жасап. 

"Тірі қалған қызға қатысты. Бұл жерде түрлі жағдайлардың тоғысуы себеп болған. Ол есікке жақын жерде отырғандықтан аман қалуы мүмкін. Соққы қатты болған, ал ұшақтың құйрық бөлігі ұшақтан бөлек қалған. Ал шығатын есік сол құйрық бөлікке жақын орналасқан. Бұл жағдайдың тоғысуынан адам тірі қалды. Қыз батылдығы мен салқынқандылығының арқасында іздестірушілермен телефон байланысын орнатып, табылып, құтқарылды. Менің ойымша, ол қызда бәрі жақсы болады, оған денсаулық пен тезірек жазылып кетуін тілейміз", - деді Мықтыбаев Астанада өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп тұрып.

Еске сала кетейік, оқиға 20 қаңтар күні сағат 15.40-та Шатыркөл кен орны маңында болды. "Олимп Эйр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұшағы Балқаш - Шатыркөл бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Ұшақ бортында жеті адам болған, арасында экипаждың үш мүшесі бар. Жалғыз Әсем Шаяхметова тірі қалды. Оның әкесі қыздың 1 метр қалың қардың астынан сынған аяқтарына қарамастан шығып, ұялы телефон тауып, құтқарушыларды шақырғанын айтты. Содан кейін де ол құтқарушылармен байланысты үзбей, оларды ұшақ құлаған жерге әкелген. Ата-анасын көрген қыз бірден: "Әке, менің бағым бар екен. Мен тірі қалдым", - деді.

"Қазақмыс" компаниясының үш қызметкері қаза тапты, олар: техникалық даму департаментінің директоры Төлеубаев, "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің бас механигі Ыбыраев және "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің басшысы Есмағамбетова, сонымен қатар АН-2 командирі Клюшев, АН-2 ұшағының екінші ұшқышы Савельев және борт-механик Литвинов.

Тергеу жұмыстары әртүрлі нұсқаны қарастырып жатыр, оның арасында әуе кемесінің техникалық ақауы мен адам факторы да бар. Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro