21 қаңтар 2015 | 14:00

Ан-2 ұшағын пайдалануға 2015 жылдың маусымына дейін рұқсат берілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апат орны. ©Тengrinews.kz Апат орны. ©Тengrinews.kz

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағына ұшуларға 2015 жылдың маусым айына дейін рұқсат берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған болатын. 


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағына ұшуларға 2015 жылдың маусым айына дейін рұқсат берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған болатын. 

Комитеттің мәліметінше, апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағы 1973 жылдың 20 тамызы күні шығарылған. Пайдалануға берілген уақытынан бері ол 13 080 сағат ұшырылған, ұшақтың мұндай типі 20 мың сағаттан артық ұшырылмауы тиіс. "ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің инспекторлары әуе көлігіне 2014 жылдың маусым айында сертификациялық тексеру жүргізді. Тексерудің нәтижесінде ұшақ одан әрі ұшуларға жіберілді. Ан-2 ұшағының ұшу жарамдылығы сертификатының мерзімі 2015 жылдың 10 маусымына дейін. Компанияның авиация жұмыстарын орындау сертификаты 2017 жылдың 26 желтоқсанына дейін жарамды. Ұшақтың тіркеу нөмірі - UP-A0314 (сериялық № 1Г14970). Әуе кемесі 2009 жылдың 28 тамызы күні Мемлекеттік реестрге енгізілген", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Комитеттің мәліметінше, Ан-2 ұшағы апаты себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Оған Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек жетекшілік етеді. ҚР ІІМ мәліметінше, Шу станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің тергеушілері Жамбыл облысындағы әуе апаты дерегі бойынша "Қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс ҚР Бас көлік прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша арнайы прокуратурасына тергеуге берілді. 

 

Еске сала кетейік, Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі. 

Апат салдарынан "Қазақмыс" компаниясының үш қызметкері қайтыс болды: техникалық даму департаментінің директоры Төлеубаев, "Балқаштүстімет" ӨБ бас механигі Ыбыраев, осы өндірістік бірлестіктің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің бастығы Есмағанбетова, сондай-ақ экипаж мүшелері түгел опат болды: Ан-2 командирі Клюшев, Ан-2 екінші пилоты Савельев және борт-механик Литвинов. Қарағанды облысының әкімдігі апат құрбандарын жерлеуді ұйымдастыруды өз мойнына алды және марқұмдардың туыстарына психологиялық көмек көрсететін болады. 

"Балқаштүстімет" ӨБ бас геологы Шаяхметова тірі қалды, оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети