Анасы мен қызы 25 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

полиция Фото: depositphotos.com

Жетісу облысында 19 жастағы бойжеткен мен оның 41 жастағы анасы ұсталды. Әйелдер ірі мөлшерде бопсалады деген күдікке ілінді. Оқиғаның мән-жайын полиция мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысының тұрғындары әлеуметтік желіде бұл оқиғаны талқылап жатыр. Көксу аудандық полиция ғимаратының алдында түсірілген видео бұған себеп болды, онда ұсталғандардың туыстары жиналған.

Видеода қолында нәрестесі бар қарт әйел бейнеленген. Кадр сыртындағы дауыс әженің шөбересін ұстап тұрғанын, ал сәбидің анасын полицейлер ұстап әкеткенін түсіндіреді. Бойжеткен мен оның анасы баланың әкесімен болған жанжалдан кейін уақытша ұстау изоляторына жабылған көрінеді. Туыстары жақындарына жібермей жатқанына наразылық білдіріп, сегіз айлық нәрестенің ана күтімінсіз қалғанына алаңдаулы.

Ұсталғандардың туыстарының айтуынша, анасы мен қызы сегіз айлық баланың әкесімен кездесуге барған. 20 жастағы жігіт нәрестені асырауға материалдық көмек ретінде 25 миллион теңге төлеуге уәде берген деседі. Алайда ақшаны беріп жатқанда әйелдер ұсталған.

Өңірлік полиция департаменті әйелдердің ұсталғанын растады. Олар аса ауыр қылмысқа жататын ірі мөлшердегі бопсалау күдігіне ілінген.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін талап етілген 25 миллион теңге көлеміндегі қаражатты алу кезінде екі күдікті қылмыс үстінде ұсталды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары тергеу кезеңіндегі бұлтартпау шарасын жақын арада сот анықтайтынын айтты.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +30
Ақтау +33
Ақтөбе +31
Атырау +32
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +26
П
Павлодар +31
Петропавл +25
С
Семей +32
Т
Талдықорған +35
Тараз +38
Түркістан +30
О
Орал +24
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер