05 желтоқсан 2018 12:30

Англияның жоғары соты ҚР Ұлттық қорының жарты миллион АҚШ долларына тыйым салудың заңдылығын тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Англияның жоғары соты америкалық банктің жарты миллион АҚШ долларын құрайтын қазақстандық активтерге тыйым салу шешімінің заңдылығын тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Англияның жоғары соты америкалық банктің жарты миллион АҚШ долларын құрайтын қазақстандық активтерге тыйым салу шешімінің заңдылығын тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылғы 4 желтоқсанда Коммерциялық соттың судьясы Тир мырза аталған дауды қарастыруға англиялық соттың юрисдикциясы жоқ деген екі молдовалық олигархтың (Анатолий және Габриель Стати), сондай-ақ Ascom Group SA және Terra Raf Trans Traiding Limited ("Стати") өтінішін қабылдамай тастады. Бұдан бұрын ҚР Ұлттық қорының қаражатына бельгиялық соттың бұйрығы негізінде тыйым салынған болатын. Қазақстанның айтуынша, бұл шешім Статидің күрделі алаяқтық тәсілі арқылы жүзеге асқан", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сот талқылауы Статидің пайдасына шығарылған шведтік төрелік шешімді орындауға қатысты ұзаққа созылған талас-тартыстың бір бөлігі екені айтылады.

Статидің Англияда Төрелік шешімді орындау туралы сот процесін бастағаны мәлім. Алайда Англиядағы сот талқылауында Статидің алаяқтық фактілері қарастырылатыны белгілі болғанда, олар өз талап-арыздарынан бас тартты. Осылайша, Судья Ноулз "Төрелік шешім алаяқтық жолмен алынғандығы жөнінде айтарлықтай сенерлік дәлелдер бар" деген қорытындыға келіп, аталған мәселе бойынша сот талқылауын белгіледі. Талап-арызды кері қайтарып алудың нәтижесінде Статиге істі аяқтауға рұқсат етілді, алайда Стати Англия және Уэльстің аумағында одан әрі орындау әрекеттерін қабылдамайтындығы жөнінде келісім беруі керек болған.

"Стати BNYM лондондық филиалында сақталған активтерге "алдын ала" тыйым салу туралы бельгиялық соттың бұйрығын алғаннан кейін Ұлттық қордың шоттары бұғатталды. Олардың мәлімдегені, активтер келісімшарт тарабы болып табылатын ҚР Ұлттық банкіне емес, Қазақстан Республикасына тиесілі. Бастапқыда BNYM жалпы сомасы 22 млрд АҚШ долларын құрайтын активтерге тыйым салды, алайда ақырында сома 530 млн АҚШ долларына дейін азайтылды. Қазақстандық тарап лондондық BNYM филиалының Қазақстан Республикасының алдында міндеттері жоқ екенін мәлімдеп, бельгиялық сотта алдын ала тыйым салуға қатысты шағым білдірді. Бельгиялық соттың 2018 жылдың 25 мамырындағы шешіміне сәйкес, ағылшын соты "бұл сұрақты қарауда құзыретті сот", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл шешім шыққаннан кейін ҚР Ұлттық банкі америкалық банктің лондондық филиалындағы тыйым салынған активтер мемлекетке емес, ҚР Ұлттық банкіне тиесілі екені туралы соттың ұйғарымын алу мақсатында ағылшын сотында сот процесіне бастама жасаған. Осының негізінде активтерге тыйым салынбауы керек болатын.

Стати көптеген дәлелдер келтіру арқылы ағылшын сотының юрисдикциясын қабылдамау жөнінде өтінішпен жүгінді. Өтінішті қарастырған Судья Тир барлық дәлелелерді қабылдамай тастады. Ол "Бұл жағдайда… орындау өндірісін жүргізген бельгиялық сот ағылшын соты мәселені мәні бойынша қарастыру үшін құзыретті сот болып табылады" деген қорытындыға келді. Ол "ағылшын соты анықтау керек негізгі сұрақ - бұл "[BNYM, Лондон] ҚР атынан қандай активтерді, егер осындай активтер бар болатын болса, сақтайды?" деген сұрақ болуы керек деп шешті. Сонымен қатар, оның атап өткені, "Осылайша, бұл мәселені шешу тыйым салу жөніндегі Бельгиядағы сот талқылауына "айтарлықтай" әсер ететін болады".

"Стати Англияда алаяқтық фактілерін қарастырудан құтылып кете алғандарына қарамастан, қазір олар ағылшын юрисдикциясынан қашып кете алмай отыр. Олар алаяқтық әрекеттер Англияда әшкерелетінінен қауіптеніп отырғандары байқалып тұр. Сол себепті олар үшін сот процестерін Англиядан өзге кез-келген жерде өткізу ыңғайлы. Стати қандай да бір әрекет пен қадамдар жасамаса да, жақын уақытта сот әділдігі Қазақстанның күрделі алаяқтық тәсілдің құрбанына айналғанын көрсететін болады. Біз Статидің шынайы бейнесі ашылатын кезді асыға күтіп отырмыз. Бұл Англияда болуы ықтимал", - деді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.

"Қазақстан өз талаптарының Англияда біржола расталуын және BNYM-нің сақтауындағы ҚР Ұлттық банкінің қалған активтерінің босатылуын күтуде", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети