28 қыркүйек 2023 14:56

Антикор полиция бастығы Дөненбаеваның ұсталуына қатысты мәлімет берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Astana TV/видео кадры Astana TV/видео кадры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай облысы бойынша көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталуына қатысты мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай облысы бойынша көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталуына қатысты мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі.

Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған", - делінген хабарламада.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соталды тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети