18 шілде 2016 13:14

Антитеррористік операция өтіп жатқандықтан алматылықтардан үйден шықпау сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антитеррористік операция өтіп жатқандықтан алматылықтардан үйден шықпау сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Антитеррористік операция өтіп жатқандықтан алматылықтардан үйден шықпау сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18.07.2016 жылы Алматы қаласының территориясында антитеррористік операция жарияланды. Осыған байланысты барлығынан үйден шықпауды, адамдар жиналған жерлерге бармауды, күмән туғызған адамдар туралы құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраймыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің әрекетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. "Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды", - дейді олар.

Одан кейін Алматыдағы ҰҚК Департаментінің ғимараты қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Сонымен қатар, атыс кезінде екі полицей жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Жараланғандардың бірі Құрманғазы-Шәріпов көшелерінің қиылысында жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети