18 шілде 2016 13:25

Антитеррорлық орталық Алматыдағы ІІАБ және ҰҚКД жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антитеррорлық орталық Алматыдағы ІІАБ және ҰҚКД жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Антитеррорлық орталық Алматыдағы ІІАБ және ҰҚКД жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 18.07.2016 жылғы сағат 12.20-дан бастап, Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.
Мұндай қадамға барудың себебі: Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚК департаментіне жасалған шабуылы түрткі болған.

"Бұл шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы ҚР Президентінің 2013 жылы 9 тамыздағы №611-ші Жарлығымен бекітілген, ақпараттарға мемлекеттік мониторинг жасау және лаңкестік қауіптіліктің туындауы туралы тұрғындарды хабардар ету жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша қабылданды", - делінген ҚР ҰҚК-нің сайтында.

Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. "Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды", - дейді олар.

Одан кейін Алматыдағы ҰҚК Департаментінің ғимараты қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Сонымен қатар, атыс кезінде екі полицей жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Жараланғандардың бірі Құрманғазы-Шәріпов көшелерінің қиылысында жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети