12 наурыз 2024 14:33

"Анықтау керек". Министр Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елордада қоқыс шығарумен айналысатын Әлия Назарбаеваның компаниясы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елордада қоқыс шығарумен айналысатын Әлия Назарбаеваның компаниясы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Нысанбаев Әлия Назарбаеваның компаниясының Астанадағы қоқыс шығаруға еш қатысы жоқ деп мәлімдеген. Алайда кейінірек Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қазір Назарбаеваға тиесілі Clean City NC компаниясы қалаға қызмет етуді жалғастырып жатқанын растады.

"Түптеп келгенде, бұл компания кімге тиесілі, Әлия Назарбаеваның мұндағы рөлі қандай?" – деп сұрады журналистер министрден.

"Өткен жолы берген ақпаратыма келсек, менде басқа ақпарат. Маған бүгінде Әлия Назарбаеваның бұл компанияға қатысы жоқ екені туралы ақпарат берілді. Басқа ештеңе айта алмаймын, ақпарат жоқ", - деді Нысанбаев.

Сондай-ақ, журналистер мұндай ақпаратты шенеунікке кім бергенін сұрады.

"Менің қарамағымдағылар. Мұны анықтау керек", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети