18 сәуір 2014 12:20

"Аңыз адам" журналы ұлттық алауыздықты туғызды деп айыпталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі "Аңыз адам" журналының мұқабасында Гитлердің суреті бейнеленген санына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Журналдың бас редакторы Жарылқап Қалыбай бұған дейін SCAT әуе компаниясының ұшағында мемлекеттік тілде сөйлемеген стюардессамен жанжалдасқан болатын.

"ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі "Жұлдыздар отбасы" - "Аңыз адам" журналының сәуір айындағы нөмірінің шығу дерегі бойынша төмендегіні хабарлайды: Журнал нөмірінің мазмұнында Конституция мен ҚР әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты туғызуға қатысты заңнамаларын бұзу белгілері бар (ҚР Қылмыстық кодексінің 164-бабы)", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабарламада сондай-ақ "Агенттік бұл факті бойынша мейлінше толық шараларды қолға алатын болады", - делінген. Қылмыстық кодекске сай, мұндай әрекет үшін 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза - 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Еске салайық, қазақ тіліндегі "Аңыз адам" журналының соңғы саны Адольф Гитлердің 125 жылдығына арналған. Мақалаларда авторлар оны халықтар құқығы үшін күрескен ұлы, тегеурінді тұлға ретінде суреттейді. Авторлардың бірі Владимир Путинді Гитлермен салыстырып, Ресей Президентінің соңғы кездердегі әрекетінің сондай салдарларға соқтыруы мүмкін екенін баяндайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети