27 желтоқсан 2019 13:49

Апатқа ұшыраған Bek Air бортында Украина, Қырғызстан және Қытай азаматтары болған

Апатқа ұшыраған Bek Air бортында Украина, Қырғызстан және Қытай азаматтары болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апатқа ұшыраған Bek Air бортында Украина, Қырғызстан және Қытай азаматтары болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұшақ бортында бес экипаж мүшесі және 93 жолаушы болған, оның ішінде шетелдік азаматтар да бар: екеуі Украина, Қырғызстан азаматы және Қытай азаматы, қалғаны - Қазақстанның азаматтары", - деді ІІМ өкілдері. 

Реклама
Реклама

Алматы қаласының әртүрлі медициналық мекемесіне 49 адам жеткізілген, оның 18-і ауыр халде, қалғандарына медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр

28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған. Кейін әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 15 адамның қаза болғанын айтқан. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram