Ақорда Назарбаевтың үндеуіне байланысты ұсыныстарды қайда қалдыруға болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Назарбаевтың үндеуіне байланысты ұсыныстарды қайда қалдыруға болатынын айтты © Тұрар Қазанғапов

Ақорда "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңнамаға қатысты ұсыныстарды қайда қалдыруға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңнамаға қатысты ұсыныстарды қайда қалдыруға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бүкілхалықтық талқылауға шығарған "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңнамаға ұсыныстардың 2017 жылғы 26 қаңтар - 2017 жылғы 26 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша қабылданатыны айтылады.

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі,

Электрондық пошта - [email protected].

Еске сала кетейік, кеше, 25 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды. Елбасы бұл арқылы мемлекеттік атқарушы органдардың және олардың жетекшілерінің жауапкершілігін арттыратынын, қажетті өкілеттік алатынын атап өткен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети