25 қаңтар 2017 21:11

Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды.

"Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын. Бұл - Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым. Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессияның аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс. Екіншіден, одан да күрделі міндет - билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді. Айтылған екі бағыттың қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтеді. Жұмыс тобы барлық сұрақтарды жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығару үшін ұсыныстар жиынтығын әзірлеуі қажет", - деді Мемлекет басшысы үндеуінде. 

"Біз жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрдық. Дамуымыздың біз таңдаған бағытының дұрыстығын тарих дәледеп отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өте отырып, біз жаңа жетістіктерімізді айттық, оның ішінде билік құрылымдары мен президенттік жүйе бар. Алайда бүгінде заман көз ілеспей өзгеріп жатыр. Қазақстанда қоғамдық процестер барған сайын қарқын алып, күрделену үстінде. Бүгінде тағдыр соқтыратын жаһандық және аймақтық сындарға дайын болуымыз керектігі жайлы ойлауымыз керек", - деді Президент.

Сонымен қатар, реформаның негізі билік өкілеттіктерін үлестіру, саяси жүйені демократияландыру екенін айтқан Елбасы ендігі жағдайда Президент үшін негізгі бағыттың стратегиялық функциялар, билік тармақтарының қарым-қатынасындағы жоғарғы арбитрдың рөлі болатынын мәлімдеді. Айтуынша, Мемлекет басшысы сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке және елдің қорғаныс әлеуетіне назар аударады.

"Парламент осыған дейінгідей Президенттің емес, жаңа сайланған Мәжілістің алдында өз өкілеттігін тапсырғаны заңды болмақ. Парламент Палаталарының тарапынан Үкімет мүшелеріне сенім білдірмеу тәртібін жеңілдету керек. Бұл биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы тармаққа жүргізетін бақылауын күшейтеді. Үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды бекіту өкілеттігін беру ойға қонымды болмақ, себебі Үкімет жауапкершілікті толықтай өзіне алады. Үкіметке өзін құрылымдауға, оның құрамына кірмейтін орталық атқару органдарын таратуға құқық беруге болады. Президент Үкімет пен премьер-министрдің актілерін алып тастаудан немесе тоқтатудан бас тарта алады", - деді Назарбаев.

Елбасы бұл арқылы мемлекеттік атқарушы органдардың және олардың жетекшілерінің жауапкершілігін арттыратынын, қажетті өкілеттік алатынын атап өтті.

"Ұсынылып отырған бағдарлама үш міндетті орындауға мүмкіндік береді. Біріншіден, саяси жүйенің тұрақтылығының алдағы көптеген жылдық қорын ашады. Екіншіден, Үкімет пен Парламент рөлінің жоғарылауы осы заманның сындарына тиімді жауап механизмін береді. Иә, бұл күрделі басқару жүйесі, дегенмен қоғам да күрделенді. Мен Президенттің өкілеттігінің айтарлықтай бөлігін үлестіруге саналы түрде барып отырмын. Бұған елді басқарудың тиімді, тұрақты, заманауи жүйесін жасау деген жалғыз мақсатта барып отырмын. Үшіншіден, әлемде мемлекеттік құрылымның әмбебап моделі жоқ. Барлығы іздеуде", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Назарбаев биліктің басқа елдердегі мемлекеттік құрылымдарды көшірумен ешқашан айналыспағанын айтты. "Біз ұсынып отырған реформа бірінші кезекте өз тәжірибемізге және Қазақстанның қажеттілігіне сүйенеді. Реформалар бағдарламасы - Қазақстанның қай бағытты таңдайтынына жауап. Жауап нақты әрі жүйелі - демократиялық даму бағыты. Ұсынылып отырған шаралардың маңыздылығын ескере отырып, жарияланатын конституциялық реформалар жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығару туралы шешім қабылдадым. Осындай Жарлық шықты. Мұның барлығы елдің болашақ дамуын қамтамасыз етеді және Бес институционалдық реформаға сәйкес", - деді Елбасы үндеуінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети