Ақтауда жаттығу кезінде қаза тапқандар бір айдан кейін үйлеріне қайтуы тиіс болыпты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жаттығу кезінде қаза тапқандар бір айдан кейін үйлеріне қайтуы тиіс болыпты © ҚР Қорғаныс министрлігі

Ақтаудағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан екі сарбаздың денесі арнайы бортпен Атырауға жеткізілді, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан екі сарбаздың денесі арнайы бортпен Атырауға жеткізілді, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

"Кеше, 19 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрлігінің 25744 әскери бөлімінің қызметшілері Асылжан Махамбетов пен Бақытжан Қалыбайтың денесі Атырау қаласына жеткізілді", - делінген хабарламада. Әуежайдан шыққан автомобильдер Асылжан Махамбетовтың шақыртылған жері Құлсары қаласына және Бақытжан Қалыбайдың отбасы түратын Мақат ауданына жол жүріп кетті. Қаза болған екеуі де 19 жаста еді. Олар демобилизацияға 1 ай қалғанда қаза тапқан.

Еске салайық, осыған дейін Ақтауда төрт әскери қызметшінің, алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу кезінде суға кеткені белгілі болды. Кейін қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды. Олар 19 жастағы Бауыржан Жолдабай, ол Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданынан шақыртылған, 19 жастағы Асылжан Махамбетов, ол Атырау облысының Құлсары ауданынан шақыртылған. Сонымен қатар, мәйітханаға 23 жастағы Замир Әділовтің денесі жеткізілді, ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан барған және 19 жастағы Бақытжан Қалыбай, ол Атырау облысының Мақат аулынан барған. Кейін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов осы оқиғаға жауапты төрт әскери басшыны қызметінен босатты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети