Ақтөбеде көктайғақтың құрбанына айналғандар көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде көктайғақтың құрбанына айналғандар көбейді © Tengrinews.kz

Ақтөбеде 200-ден аса адам көктайғақтың құрбанына айналды. Бір тәуліктің ішінде Ақтөбенің жедел медициналық көмек ауруханасының травматология бөліміне 172 адам түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі медициналық мекемеге сілтеме жасап.

Дәрігерлердің хабарлауынша, қазіргі таңда 107 адам жарақат алып түскен, бесеуі нейрохирургия бөлімінде жатыр. "57 адам сынықтың түрлі дәрежесін алған. Олардың басым бөлігінде аяқ-қолдары сынған. 12 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді", - дейді дәрігерлер.

Сонымен қатар, 11 наурызға қараған түні аурухананың травматология бөліміне 34 адам түсті. Көктайғақтан зардап шеккендердің жалпы саны - 206 адам.

© Tengrinews.kz

Бұған дейін Ақтөбеде жауын кезінде коммуналдық қызметтің атқарған жұмысының Бердібек Сапарбаевтың көңілінен шықпағаны хабарланған болатын. Ақтөбе облысының әкімі мұндай табиғи қиын жағдай кезінде коммуналдық қызметтің бар күшін салып, жолдар мен тротуарларды тазалауы керегін айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети