12 наурыз 2016 12:33

Ақтөбенің коммуналдық қызметі атқарған жұмыстар Сапарбаевтың көңілінен шықпады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде жауын кезінде коммуналдық қызметтің атқарған жұмысы Бердібек Сапарбаевтың көңілінен шықпады, - деп хабарлайды "Диапазон" "Ақтөбе Ақпарат" орталығына сілтеме жасап.


Ақтөбеде жауын кезінде коммуналдық қызметтің атқарған жұмысы Бердібек Сапарбаевтың көңілінен шықпады, - деп хабарлайды "Диапазон" "Ақтөбе Ақпарат" орталығына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі мұндай табиғи қиын жағдай кезінде коммуналдық қызметтің бар күшін салып, жолдар мен тротуарларды тазалауы керегін айтты. "Бізде техника да, адам да, мүмкіндік те жетеді, сондықтан қолдағы бар мүмкіншілікті қолдануымыз керек. Бар болғаны күш біріктіру қажет", - деді өңір басшысы. 

Сонымен қатар, Ақтөбедегі көктайғақтың салдарынан 11 наурызда ағаштар құлай бастады, олардың бірқатары көліктердің терезесін тесіп өтті. "Диапазон" порталының мәліметінше, сол ағаштардың бірі "Опель" көлігіне құлап, терезесін шақты. Абырой болғанда, көлікте жүргізуші болмаған.


© Zello.

Сонымен қатар, Есет батыр көшесі бойындағы үйдің ауласында ағаш құлап, "Опель вектра" автокөлігінің артқы терезесін шақты. Көліктің иесінің айтуынша, шығынның көлемі 30 мың теңге шамасында болуы мүмкін.


© Владимир Зобенко.

Айта кетейік, 10 наурыздан бастап Ақтөбеде жаңбыр жауып, күн суытты. Қаладағы жолдар мен тротуарлар қалың мұзға айналды. Қолайсыз ауа райына байланысты қаладағы әуежай жұмысын тоқтатты. 11 наурыз күнгі жағдай бойынша, көктайғақтың салдарынан жарақат алған 50-ден аса адам ауруханаға барған. Сонымен қатар, синоптиктер мұндай қолайсыз ауа райы 13 наурызға дейін сақталады деп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети