08 ақпан 2020 11:36

"Арақ ішіп, көңіл көтерген". Бұзақылардың кесірінен Алматыға келе жатқан ұшақ Шымкентте қонған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұшақ бортында түсірілген видео кадры Ұшақ бортында түсірілген видео кадры

Шымкент әуежайында 7 ақпанда кешкі уақытта Пхукеттен Алматыға ұшып келе жатқан жолаушылар ұшағы Шымкент әуежайына қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы редакцияға рейс жолаушыларының туыстары хабарлады.

"Бұзақыларды шығарады, олар жол бойында арақ ішіп, өзге жолаушылар мен экипажға кедергі келтірген. Басқа бортқа отырғызатын сияқты", - деп мәлімдеді туыстары.

Instagram желісінде бұл оқиға туралы қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Майя Веронская да жазды. Оның айтуынша, жолаушы бұзақылар "арақ ішіп, көңіл көтерген".

"Алматының орнына Шымкентке қондық. Рейстен жолаушыларды шығарып жатыр. Пилот әрі қарай ұшудан бас тартты. Сегіз сағат ұшу бұл жігіттерге көңілді болды. Ал біз үшін Алматыға жету үшін тағы бірнеше сағатқа созылды. Балаларға обал", - деп жазды ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети