Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Арал теңізінің жойылуы біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қауіпті - Назарбаев

27 Қыркүйек 2015, 22:16
6
© tur.tj
© tur.tj

Арал теңізінің жойылуы біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қауіпті. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 27 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йоркте өтіп жатқан Саммитінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті республикамыздың парник газының зиянын азайтып, ғаламшарымыздың биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалуға жағдай жасап отырғанын ерекше атап өтті. "Біздер "жасыл" экономикаға көшудің ұлттық тұжырымдамасын бекіттік. Жойылып бара жатқан Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіреді. Теңіздің тартылуы салдарынан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көтеріп, оның тозаңы қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


© Akorda.kz

Сонымен қатар, елбасы Дүниежүзілік банктің қолдауымен Арал теңізінің Солтүстік бөлігінің қалпына келтірілгенін айтты. Оның айтуынша, бұрынғы Семей полигонының аймағын қалпына келтіру бойынша БҰҰ-мен және халықаралық қоғамдастықпен белсенді әріптестік орнатылған. "Орталық Азия елдері бұл экологиялық проблемалармен күресу үшін көмек күтеді", - деді Мемлекет басшысы.


© Akorda.kz


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай