Арамызда дәстүрін, мәдениетін ұмытып бара жатқан азаматтар бар - Ноғаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрлан Ноғаев. © zhaikpress.kz Нұрлан Ноғаев. © zhaikpress.kz

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық Жұмекен Нәжімеденов оқулары кезінде айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық Жұмекен Нәжімеденов оқулары кезінде айтты.

"Арамызда дәстүрін, мәдениетін ұмытып бара жатқан азаматтар бар. Біз ұл-қыздарымызды ұлтсызданудан қорғауымыз керек. Ал, бұл процеске төтеп беретін бірден-бір нәрсе - рухтың биіктігі. Жастар рухқа азық болатын халқының мұраларынан үнемі нәр алып отыруы қажет", - деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетелік, Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалалық көркем сөз оқу шеберлері сайысы облыста биыл бірінші рет өткізіліп отыр.

Байқау қорытындысы бойынша, атыраулық үміткер Нәзира Әшім бірінші орынды еншілесе, Ақмола облысынан келген Перизат Мұратқызы мен маңғыстаулық Айдос Жұмабаев жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ал, атыраулық Нұрдәулет Табылдиев, Шығыс Қазақстаннан келген Арайлы Алтаева, Оңтүстік Қазақстаннан қатысқан Назерке Құлжабаева өзара үшінші орынды бөлісті.

Талапакерлерге ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Серік Тұрғынбекұлы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы Мереке Құлкенов, филология ғылымдарының докторы, ақын Қадір Жүсіп және Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов қазылық етті.

Жұмекен Нәжімеденов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer