27 маусым 2019 | 13:38

"Арандатушыларды тыңдамаңыздар!" - Шүкеев Арыс тұрғындарына

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Шымкентте Арыс тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Шымкентте Арыс тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Облыс әкімі жиналғандармен "Акмешітте" кездесті. Арыс тұрғындары радиация жайлы қауесеттің тарап жатқанын айтып, басқа қалаларға көшіруді сұрады.

"Арандатушыларды тыңдамаңыздар! Мені тыңдаңыздар. Бізге бірге болуымыз қажет. Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге Арыста үй салып береміз. Сосын оны сатасыздар ма, жоқ па - өздеріңіз шешесіздер", - деді Өмірзақ Шүкеев.

Еске салайық, мұның алдында Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Арыс тұрғындарының талабына жауап берген болатын.

"Сіздер Шымкенттен үй беруді сұрайсыздар. Шымкентте 130 мың адам үйдің кезегінде тұр, мүгедектер де бар, жағдайы нашар отбасылар бар, көпбалалы аналар бар. Мен оларға не деуім керек? "Мен сіздерге бермейміз, Арыс тұрғындарына беремін" деуім керек пе? Олар да сіздердей адам ғой, олар да сіздер секілді жиналып, талап етуі мүмкін. Кейбірі тіпті 10 жылдай кезекте тұр. Арыс жақсы қала, станция, экономикасы дамиды. Ертең оқ-дәрілерді көшіріп әкетеді. Жаңа үйлер салынады, жаңа жолдар салынады", - деген еді қала әкімі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети