27 маусым 2019 13:04

Шымкент әкімі Арыс тұрғындарының талабына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары: @atyrauoil06, Azattyq TV Видео кадрлары: @atyrauoil06, Azattyq TV

Арыс тұрғындары Шымкентте көшені жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Арыс тұрғындары Шымкентте көшені жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Көшені жапқандар Арыста қауіпсіз екенін айтып, Шымкенттен үй беруді талап еткен. Жиналған жұртқа Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жауап берді. 

"Сіздер Шымкенттен үй беруді сұрайсыздар. Шымкентте 130 мың адам үйдің кезегінде тұр, мүгедектер де бар, жағдайы нашар отбасылар бар, көпбалалы аналар бар. Мен оларға не деуім керек? "Мен сіздерге бермейміз, Арыс тұрғындарына беремін" деуім керек пе? Олар да сіздердей адам ғой, олар да сіздер секілді жиналып, талап етуі мүмкін. Кейбірі тіпті 10 жылдай кезекте тұр. Арыс жақсы қала, станция, экономикасы дамиды. Ертең оқ-дәрілерді көшіріп әкетеді. Жаңа үйлер салынады, жаңа жолдар салынады", - деп жауап берді шаһар әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Не болып жатыр ? ???????????????? #шымкент

Публикация от |ATYRAU|KZ|06???? (@atyrauoil06)

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети