21 маусым 2023 11:40

Арқалықтағы ЖЭО қағаз жүзінде іске қосылған - Годунова

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Жоғарғы есеп палатасының төрайымы Наталья Годунова жылумен қамту саласына мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталған көптеген заңбұзушылықтар мен жүйелі проблемалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілістің жалпы отырысында Жоғарғы есеп палатасының төрайымы Наталья Годунова жылумен қамту саласына мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталған көптеген заңбұзушылықтар мен жүйелі проблемалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәселен, Қостанай облысының Арқалық қаласында шенеуніктер жылу электр орталығын тек қағаз жүзінде ғана іске қосқан, дейді Годунова.

"Қостанай облысы Арқалық қаласында тапсырыс беруші – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі екі жобаны қабылдады: "Арқалық қаласын жылумен қамту жүйесін 2030 жылға дейін қайта жаңғырту" және "Арқалық ЖЭО-ны қуаттылығы 2,5 МВт болатын №2 станциясының турбоагрегатын ауыстыру бөлігінде қайта құру", олардың жалпы сомасы 7,4 миллиард теңге. Нәтижесінде Арқалық ЖЭО қағаз жүзінде ғана іске қосылды", - деді Наталья Годунова.

Жоғарғы аудиторлық палата төрағасының айтуынша, анықталған барлық жүйелік проблемалар бойынша үкіметке ұсыныстар жолданған. Аудит объектілеріне заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

"22 материал құқық қорғау органдарына берілуі тиіс, оның 16-сы берілді, 361 материал әкімшілік шараға жіберілді", - деп қосты Наталья Годунова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети