Арқалықтағы кәмелетке толмаған жүргізушінің әкесі видеоүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арқалықтағы кәмелетке толмаған жүргізушінің әкесі видеоүндеу жасады © tengrinews.kz

Арқалық қаласының тұрғыны Сергей Буглов жол талғамайтын көлікті басқарып, полицейлерді табельдік қару қолдануға мәжбүр еткен 14 жастағы ұлының әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арқалық қаласының тұрғыны Сергей Буглов жол талғамайтын көлікті басқарып, полицейлерді табельдік қару қолдануға мәжбүр еткен 14 жастағы ұлының әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баланың әкесі мұндай енді қайталанбайды деп уәде берді және болған оқиғаға барлық жауапкершілікті өз мойнына алды.

"Мен балаға, қозғалыс қатысушылары мен жаяу жүргіншілерге қатысты дұрыс әрекет жасамадым. Барлығынан кешірім сұрағым келеді. Жол полициясы қызметкерлері заң аясында әрекет етті, мені тоқтатпағанда, не боларын білмеймін", - деді 35 жастағы ер адам.

Бұған дейін Арқалықта полицейлер тізгінінде 14 жастағы бала отырған көліктің артынан қуып, қарумен тоқтатқаны хабарланған болатын. Желіде жүргізушінің жолаушылары түсірген видео пайда болды. Кадрларда баланың жанында нұсқаушы болып отырған ер адамды көруге болады. Көлікті тоқтату үшін тәртіп сақшылары табельдік қаруды қолданып, жол талғамайтын көліктің артқы дөңгелегін жарды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети