04 маусым 2021 13:44

Арқалықта полицейлер тізгінінде жасөспірім отырған көлікке оқ атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Арқалықта полицейлер тізгінінде 14 жастағы бала отырған көліктің артынан қуды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Арқалықта полицейлер тізгінінде 14 жастағы бала отырған көліктің артынан қуды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Желіде жүргізушінің жолаушылары түсірген видео пайда болды. Кадрларда баланың жанында нұсқаушы болып отырған ер адам барын көруге болады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар

Қостанай облысы ПД мәліметінше, оқиға 31 мамырда болған. Полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы аясында Mitsubishi Pajero көлігін тоқтатқан. 

"Полицейлердің заңды талаптарын орындаудың орнына жүргізуші жасырына бастады. Ол қашамын деп тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, бірнеше рет апаттық жағдай жасады. Дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтатуға бірнеше рет бұйрық берді, жүргізушіге бағынбаған жағдайда табельдік қару қолданылатынын ескертті", - деді полиция өкілдері.

Көлікті тоқтату үшін тәртіп сақшылары табельдік қаруды қолданып, жол талғамайтын көліктің артқы дөңгелегін жарды.

"Көлікті 2007 жылғы кәмелетке толмаған бала басқарған. Алдыңғы жолаушылар орнында 35 жастағы әкесі мас күйде отырған, оған қатысты 612-баптың 5-бөлігі (Көлік басқару құқы жоқ адамға басқарма беру) және 613-баптың 1-бөлігі (Тоқтату туралы заңды талаптарды орындамау) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды", - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Табельдік қаруды қолдануға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша прокуратура келісімімен полиция қызметкері қаруды заңды қолданғаны анықталды. 

Сонымен қатар, 14 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін қала әкімдігінің Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясына жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети