Арқан арқылы өзеннен өтпек болып, суға құлап кеткен ер адам әскери қызметкер болып шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде жантүршігерлік оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде жантүршігерлік оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 мамырда сағат 15:15 шамасында Көксу ауылы маңында 1989 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 14:00-де темір арқан арқылы өзеннің үстінен өтпек болған кезде суға құлап, кейін оны ағыс алып кеткен.

"11 мамырда таңғы сағат 06:30-дан бастап ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Оған ТЖД қызметкерлері, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылды. Барлығы 98 адам және 22 техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар мен спутник байланысы тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Іздестіру жұмыстары Көксу өзенінің екі жағалауы бойынша (оң жағалау бойынша 4, сол жағалау бойынша 4 топ) 35 шақырымға дейінгі аумақта жүргізілген. Сағат 18:30-да қараңғы түсуіне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылған. Іздестіру бүгін, 12 мамырда да жалғасты.

Өзеннен өтпек болған адам - әскери қызметкер

Өзеннен өтпек болған ер адам әскери қызметкер болып шықты. Бұл ақпаратты гвардиялық гарнизонның баспасөз қызметі растады.

"Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарты бойынша әскери қызметкер демалыс күнін достарымен өткізген", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, достарының жауаптары бойынша ішімдік ішу дерегі тіркелмеген.

Полиция пікірі

Жетісу облысы Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Алдын ала мәліметтер бойынша ол тартылған арқан арқылы өтпек болған кезде өзенге құлаған, кейін оны ағыс алып кеткен. Полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер, құтқарушылар, басқа да ведомстволардың өкілдері мен бейбіт тұрғындар іздеп жатыр", - деп жазылған ақпаратта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer