14 ақпан 2019 17:52

Арман Тұрлыбек Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Тұрлыбек. © instagram.com/arman_turlubek Арман Тұрлыбек. © instagram.com/arman_turlubek

Елорда әкімінің өкімімен Арман Тұрлыбек қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  


Елорда әкімінің өкімімен Арман Тұрлыбек қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Әкімнің жаңа орынбасары энергетика, коммуналдық шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерге жауап беретін болады.

Тұрлыбек Арман Алашұлы - Қарағанды облысының тумасы, 1971 жылы 6 мамырда дүниеге келген. Алматы Энергетика және байланыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

1999 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімдігінің жүйесінде Энергетика, байланыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Сәтбаев қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 2008 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және тарифтік саясат мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болды.

2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жауапты қызметтерді атқарды. 2016 жылдан бастап Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкімі. "10 жыл Астана", "Ерен еңбек үшін" медальдары және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" құрметті төсбелгісімен марапатталған. "ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі" құрметті атағы бар. Үйленген, үш баласы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети