1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Арнайы ХҚКО-ларда көлік тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру тоқтатылды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еліміздегі арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлік құралдары мен жүргізуші куәліктерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жүйелері қызметі тоқтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция қызметінің баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Құрметті пайдаланушылар! Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде техникалық ақаулықтар қайтадан анықталды. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бұл мәселені шешу бағытында қарқынды түрде жұмыстар атқаруда. Жүйелерді толықтай қалпына келтіру жөнінде қосымша хабарлаймыз. Қолайсыздықтар үшін барлықтарыңыздан кешірім сұраймыз", - деп жазды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция қызметінің өкілдері.

Доллар арзандады
Доллар арзандады