"АрселорМиттал Теміртаудағы" ТЖ: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртаудағы" ТЖ: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында болған оқиғадан зардап шеккен жұмысшының жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында болған оқиғадан зардап шеккен жұмысшының жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1994 жылы туған науқас ауруханаға жеткізілген.

"Гемодинамика тұрақты, маңдай бөлігінде терең жара бар. Қазіргі уақытта диагностика жүргізіліп, политравматология бөлімінің меңгерушісі, нейрохирург, хирург, реаниматологтар бірге тексеріп жатыр. Науқас қарқынды терапия бөліміне жеткізілді", - деді ведомство өкілдері.

Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі департамент оқиғаға байланысты басталған тергеу туралы хабарлады.

"10 маусымда "АрселорМиттал Теміртаудың" бір топ жұмысшысы жазатайым оқиғаға тап болды. Оның ішінде төрт адам қаза болды, біреуі ауруханада жатыр. Қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында арнайы тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жайы мен себептері хабарланады", - деді Қарағанды облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Сахибжамал Сафарова.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Оқиға орнында Теміртау қалалық Полиция департаменті мен Полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр", - деді полициядағылар.

Еске салайық, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адам қаза тапқаны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети