10 маусым 2022 23:17

"АрселорМиттал Теміртау" цехындағы ТЖ: оқиғаның жай-жапсары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілдері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны "Құрылысмет" ЖШС ұстапрестеу цехында болған оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілдері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны "Құрылысмет" ЖШС ұстапрестеу цехында болған оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылдың 10 маусымында сағат 14:30 шамасында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны "Құрылысмет" ЖШС ұстапрестеу цехында топтық жазатайым оқиға болды (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы). Алдын ала деректер бойынша, жұмыс істемейтін термопештегі отқа төзімді қалауды демонтаждау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде пеш күмбезінің құлауы орын алған, нәтижесінде 5 қызметкер үйінді астында қалған. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы біреуі қалалық орталық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Топтық жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында арнайы тергеп-тексеру жүргізу үшін комиссия құрылатыны айтылады.

Осы тергеудің нәтижелері қосымша хабарланады. 

ске салайық, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адам қаза тапқаны хабарланған. Кейін зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды. Артынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети