25 маусым 2019 17:11

Арыс қаласындағы ғимараттардың 80-90 пайызы бүлінген - ТЖК басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ернар Алмабек © Ернар Алмабек

Алдын ала мәлімет бойынша шамамен Арыс қаласындағы ғимараттардың 80-90 пайызы әскери қоймалардағы жарылыстар салдарынан бүлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК басшысы Владимир Беккер Түркістан облысынан тікелей қосылу кезінде айтты.

"Сағат 15:00-ге дейін саперлар 24 снаряд және 104 қауіпті снаряд бөліктерін тапқан. Оларды сол жерде жарады немесе қауіпсіз аймаққа шығарып залалсыздандырады. 7600 ғимарат бар, алайда алдын ала мәлімет бойынша олардың 80-90 пайызы әр түрлі деңгейде бүлінген. Негізінен терезелері шағылған, шатыры бүлінген, алайда қатты зардап шеккен ғимараттар да бар", - деді Беккер. 

Тұрғын үйлердің көбісі сақтандырылмағандығы белгілі, олар бойынша материалдық залалды өтеу бойынша жеке шешімдер қабылданатын болады.

"Өкінішке орай, мен тұрғындардың Арыс қаласына түрлі сылтаулармен кіруге тырысып жатқанын айта кету керек. Әзірге асықпауға шақырамын. Өйткені жарылмаған снарядтар бар және олар айтарлықтай зиян келтіріп, адам өліміне алып келуі мүмкін", - деп ескертті Беккер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети