29 маусым 2019 09:42

Арыста жүздеген адам қаза тапты деген ер адам қазақстандықтардан кешірім сұрады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста жүздеген адам қайтыс болды деп мәлімдеген ер адам қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Арыста жүздеген адам қайтыс болды деп мәлімдеген ер адам қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алмасхан Шиилинов есімді ер адам Қазақстан тұрғындарына видео үндеу жасады. 

"Мен 150 әскери және 100 жергілікті тұрғын қаза тапты деген жалған ақпарат таратқаным үшін қазақстандықтардың алдында кешірім сұраймын. Қазақстан халқы мен Арыс тұрғындары алдында адамдарды себепсіз мазалап, қорқытқаным үшін кешірім сұраймын", - деді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адам қаза тапқандардың саны көп екенін айтқан ролик тараған.

Еске салсақ, 28 маусымда таңертең сағат 6:00-де Арыс қаласынан көшірілген тұрғындар үйлеріне қайтарылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыс қаласының аумағын снарядтар мен дезинфекциядан тазарту жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети