27 маусым 2019 17:08

Арыстықтар 28 маусымда үйлеріне орала алады

Дина Муратова Редактор

Арыстың тұрғындары Шымкенттен 28 маусымда қайтарылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстың тұрғындары Шымкенттен 28 маусымда қайтарылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл үшін арнайы автобустар бағыты ұйымдастырылады. Тұрғындар Арысқа 28 маусымда таңғы сағат 8-де кіре алады. 

Реклама
Реклама

"Мен жаңа ғана премьер-министрге хабарластым. Ертең сағат 8-де қала ашылады. Ал таңғы сағат 6-да автобустар келеді", - деді шаһар басшысы Өмірзақ Шүкеев.

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарыла бастады. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді. Қалада 45 мың адам тұрады, оның бәрі эвакуацияланған. Қайғылы оқиғадан қала тұрғыны ауыр жарақат алып, қаза тапқан, оның көлігіне снаряд түскен. 25 маусымда бір әскери қаза тапқан, оның денесі қоймалар маңынан табылған. 26 маусымда тағы бір әскеридің қаза тапқаны анықталды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram