Арыстықтарға 100 мың теңге қашан аударылатыны белгілі болды

12 Тамыз, 18:23
0
Арыстықтарға 100 мың теңге қашан аударылатыны белгілі болды -

Арыстықтарға 100 мың теңге қашан аударылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында белгілі болды

Төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға бір реттік өтемақы төлеу мақсатында 57 мыңнан астам тұрғынның мекенжайы анықталған. 18 жастан асқан азаматтардың төлем карталары түгел дайындалып, 5 тамыздан бастап таратыла бастаған. Бүгінге дейін азаматтардың 85 пайызы өз төлем карталарын алған. Қалған тұрғындар 9 және 15 секторларда орналасқан мектеп пен балабақшадан барып алуға болады. Каралар толығымен таратылып болған соң, тиісті қаржы аударылады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, Арыс қаласындағы 8634 тұрғын үйдің 7197-сіне төтенше жағдай кезінде зақым келген. Бүгінге дейін оның 6924-інде жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал қалған үлердің құрылысы осы айда бітеді деп жоспарланып отыр.

Ал "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на жүктелген әлеуметтік нысандардың бүгінге дейін 15-інің құрылысы аяқталып тапсырылған. Аталған қордың басқарма басшысының орынбасары Арман Жетпісбаев қалған нысандардың жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін түгел аяқталатынын айтты.

Жалпы жоспар бойынша Арыс қаласындағы 62 көше жөндеуден өтетін болса, қазір 45 көшеде құрылыс жұмыстары жүруде. Бүгінге дейін 6-уы ел игілігіне тапсырылып, тағы 10 көшенің жұмысы толық аяқталу алдында тұр. Қалада 26 аялдаманың 6-уы заманауи аялдамаларға ауыстырылды. Анықтау жұмыстарының нәтижесінде қосымша жаңадан 8 аялдама қою қажеттігі белгілі болған.

Сондай-ақ, жиын барысында төтенше жағдай кезінде шығынға батқан бизнес өкілдеріне де тиісті көмектер беріліп жатқаны мәлім болды. Мәселен қаладағы 536 кәсіпкерлік нысанның 509-на жарылыс кезінде материалдық шығын келген. Оларға "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тарапынан қаржылай қолдаулар және 6 мыңнан астам әртүрлі көмектер көрсетілген.

Атқарылған жұмыстармен танысып шыққан аймақ басшысы әлі де жұмысты ширата түсу керектігін айтты. Жауаптыларға бірінші кезекте құрылыс жұмыстарын қажет ететін тұрғын үйлердің мәселесін тездетіп шешуді тапсырды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар мен жолдардың құрылыс жұмыстары және тұрғындар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін көмектер жоспарға сай дер кезінде көрсетілуі керек екенін ескертті.

Айта кетейік, басқосуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев және аумақтық департаменттер басшылары мен Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына жауапты еліміздің барлық облыстарынан келген өкілдер қатысты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай