Арыққа құлап опат болған қыздың оқиғасы: Алматы әкімдігі қоршаудың неге жоқтығын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыққа құлап опат болған қыздың оқиғасы: Алматы әкімдігі қоршаудың неге жоқтығын түсіндірді © Әлішер Ахметов

Алматыда жаңбырлы күні қыз баланың арыққа құлап кетіп, қаза болуына байланысты Алматы әкімдігінің өкілдері ҚНжЕ (Құрылыстың нормалары және ережелері) бойынша арықтарға не орнатылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңбырлы күні қыз баланың арыққа құлап кетіп, қаза болуына байланысты Алматы әкімдігінің өкілдері ҚНжЕ (Құрылыстың нормалары және ережелері) бойынша арықтарға не орнатылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Қаладағы арық жүйесі жасыл көшеттерді суаруға және жаз кезінде жағымды микроклимат жасауға арналған. Арықтырдың жер астымен жүргізілетін жаңбыр суына арналған арналардан айырмашылығы бар. 

Ал жол қиылысы мен жаяу жүргіншілер өтетін тұстарда арық жүйесі жабық күйде салынады немесе оның үстіне плиталар қойылады. 

"3.05.04.-85 ҚНжЕ және 31.13330.2012 құрылыс ережелеріне сәйкес арық аузына темір тор қою қарастырылмаған. Арық жүйесін пайдаланатын ұйымдар арыққа қоқыс толып қалмауы үшін аузына жіңішке тор орнатады", - делінген Алматының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасының жауабында. 

Ал осыған дейін Алматы ІІД өкілдері арық ішінде қайтыс болған қыз туралы мән-жайды айтып берген еді. Қайғылы оқиғаға дейін ол бір топ адаммен көңіл көтеріп, қайтып келе жатқан. Арықтан секіріп өтпекші болған қыз, шалынысып құлаған, сол мезетте оны ағын су алып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети