27 қазан 2016 | 11:49

Асанов: Бұрынғы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ" вице-президенті 70 миллион долларды "қалтаға басқан"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рүстем Тұрсынбаев © facebook.com Рүстем Тұрсынбаев © facebook.com

Қазақстанның Бас прокуратурасы бұрынғы "Қазатомпром" АҚ вице-президенті Рүстем Тұрсынбаевқа қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Бас прокуратурасы бұрынғы "Қазатомпром" АҚ вице-президенті Рүстем Тұрсынбаевқа қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурор Жақып Асановтың айтуынша, Рүстем Тұрсынбаев 70 миллион долларды "қалтаға басып", қазіргі уақытта Канадада тығылып жатыр.

"Қазатомпром" офшорлар арқылы шикізат қышқылын сұмдық бағаға сатып алып отырған. Шын мәнінде осы 70 миллион долларды ұлттық компанияның бұрынғы вице-президенті Тұрсынбаев "қалтаға басқан". Қазіргі уақытта ол Канадада тығылып жүр", - деді Жақып Асанов. 

Еске салайық, 2012 жылы 10 ақпанда Рүстем Тұрсынбаевты Торонто полициясының қызметкерлері мен Шекара қызметінің агенттігі көші-қон ережесін бұзғаны үшін ұстаған. 2009 жылы қазақстандық Канадаға 41 000 доллар қаражатым бар деп көрсетіп, шыққан. Алайда 11 күн өткеннен кейін оның жеке есеп шотына Британ Виргин аралдарынан миллиондаған қаражаттар түскен. 

Айта кетейік, Тұрсынбаевқа Қазақстанның құқық қорғау органдары 2010 жылдан бері іздеу салған. Ол қйымдасқан қылмыстық топ құрды, аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды заңдастыру, салық төлеуден бас тарту және жалған құжаттарды пайдалану айыптары тағылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети