1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Ашық жүрек" жобасы аясында шағын гранттар конкурсы жарияланды11 қыркүйек 2020, 19:55

"Ашық жүрек" жобасы аясында волонтерлік саласындағы нақты жергілікті мәселелерді шешудегі азаматтардың жеке күш-жігерін (ерікті миссия) және волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған шағын гранттар конкурсы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау 2020 жылғы 4 қыркүйек бен 19 қыркүйек аралығында өтеді.

Жастар арасында волонтерлік брендін танымал ету жөніндегі "Ашық жүрек" жобасы Жалпы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында өткізіледі.

Байқау аясында 107 жеңімпаз анықталады, олар өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыруға шағын грант алады. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асыруға арналған шағын гранттардың мынадай түрлері беріледі:

1. Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша бастамашыл топтар үшін шағын гранттар - 300 000 (үш жүз мың) теңгеден 56 грант;

2. 14 облыстың волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары үшін шағын гранттар - 300 000 (үш жүз мың) теңгеден 42 грант;

3. Республикалық маңызы бар қалалардың (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары) волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары үшін шағын гранттар - 500 000 (бес жүз мың) теңгеден 9 грант.

Шағын гранттар конкурсына жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатыса алады. Барлық өтініш берушілер liga.org.kz сайтында тіркелуі тиіс. Өтінім жеке берілген жағдайда өтініш беруші 18 жастан асқан болуы қажет. Еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Байқау ережесін liga.org.kz сайтында табуға болады.

Келесі бағыттар бойынша жобалар қабылданады:

  • BIRGEMIZ: Bilim - орта мектептердің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындауға көмек, ағылшын тілін оқыту, компьютерлік сауаттылыққа оқыту және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;
  • BIRGEMIZ: Saýlyq - халықтың денсаулығын қорғау, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде көмек көрсету және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

  • BIRGEMIZ: Sabaqtastyq - балалар үйлеріндегі балаларға және жастарға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға тәлімгерлік және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

  • BIRGEMIZ: Taza Álem - қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету және осы бағытқа сәйкес келетін басқа жобалар;

  • BIRGEMIZ: Asyl mura - тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

  • BIRGEMIZ: Qamqor - қарттар үйлеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы волонтерлік қызмет және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

  • BIRGEMIZ: Úmit - жоғалған адамдарды іздеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 775 43 49 402 немесе поштаға volunteers.almaty@gmail.com

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!