23 тамыз 2021 17:53

Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер демалыс күндері жұмыс істеуі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер демалыс күндері жұмыс істеуі мүмкін. Бұл туралы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысы барысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер демалыс күндері жұмыс істеуі мүмкін. Бұл туралы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысы барысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан пемьер-министрі Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді. Отырыс барысында Ashyq жобасын одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

"Қазіргі уақытта оған қатысушылардың саны 111 мыңнан асады. Олардың жартысынан көбі сауда, тамақтану және білім беру салаларында қызмет көрсетеді. Карантин талаптарын бұзу дерегін анықтау жобаға қатысушылар санын арттыру есебінен 15 есе өсті. Бизнес субъектілерін қамтуды одан әрі ұлғайту мақсатында Ashyq-қа қатысуға өтінім беру және QR-код алу тәртібі жеңілдетілді", - делінген хабарламада.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп Ashyq жобасына қатысушыларға демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Өңірлердің экономикалық картасы негізінде Мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың бірыңғай тізілімін құру бизнесті қолдау шараларының барлық спектрі тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов Ashyq жобасының қатысушыларына демалыс күндері "қоңыр-қызыл" аймақта жұмыс істеуге рұқсат беруді ұсынғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети