1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ashyq қосымшасында статусыңды қалай білуге болады? 17 сәуір 2021, 15:35

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов Ashyq жобасы бойынша статусыңды кәсіпкерлік
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов Ashyq жобасы бойынша статусыңды кәсіпкерлік нысандарға бармай-ақ қалай білуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байғабыловтың айтуынша, статусты онлайн білуге болады.

"Ashyq жобасының әрбір қатысушысына QR-код беріледі, тұрғындар оның скриншотын немесе суретке түсіріп смартфонында сақтай алады.

Әрі қарай, QR-код суретін басқа смартфонға жібересіз, ол өз телефоныңыздан сканерлеп, статусты білу үшін керек. Осылайша көк немесе жасыл түсті көріп, Ashyq нысандарына қорықпай кіріп, офлайн сканерлей аласыз", - дейді ол.

Сәдуақас Байғабылов статусы қызыл және сары адамдар Ashyq қатысушысының нысандарына барғаны үшін 30 АЕК (87 517 теңге) көлемінде айыппұл салынатынын айтты. 

Бұған дейін қазақстандықтар қызыл, сары, көк, жасыл түстер бойынша бөлінетіні және олар бірқатар мекемеге тек QR-код бойынша кіре алатыны хабарланған болатын. Адамның түсі оның коронавирус жұқтырғанына және ПТР тесттің бар-жоғына байланысты болады.

Ashyq - қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы COVID-19-ды бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

"Қызыл" түс адам ПТР-тест тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесі үйде оқшаулану режимін қатаң ұстануы керек.

"Сары" түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

"Көк" түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

"Жасыл" түс - жүріп-тұруға толығымен рұқсат береді.

QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Бір нысанға кіреберісте және шығаберісте ең кемі екі QR-код беріледі. Мекемеде бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберісте жеке QR-код болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!