Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Асқар Жұмағалиев "Қазатомөнеркәсіп" басшысы болып тағайындалды

06 Мамыр 2015, 21:04
0
Асқар Жұмағалиев
Асқар Жұмағалиев

Асқар Жұмағалиев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасыбасшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазатомөнеркәсіп" баспасөз хатшысының айтуынша, тағайындау 6 мамырда өтті. "Қазақстан Республикасының энергетика министрі, "Қазатомөнеркәсіп» ҰАК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Школьник және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның ұжымына ұлттық атом компаниясы басқармасының жаңа төрағасы, бұған дейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевты таныстырды. Оның кандидатурасы Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында мақұлданып, Қазақстан Республикасының үкіметімен келісілген", - деп хабарлады ол.

Баспасөз өкілдерінің айтуынша, Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының үлкен сенімін ақтауға тырысып, алға қойылған міндеттерді орындау үшін барлық білімі мен тәжірибесін жұмылдыратынын айтты. "Досымның орнына қызмет істеуге келгенімді сезінудің өзі ауыр. Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровпен үкіметте бірге қызмет атқардық, бір бірімізге көмектестік. Топырағы торқа болсын. Біз Нұрлан Қаппаров бастап кеткен жұмысты жалғастыруымыз керек. Мемлекет басшысы қолдаған стратегияны орындауға тиіспіз. Бұл жол әрине, жеңіл болмайды, бірақ біз осы стратегияны іске асыруға міндеттіміз", - деді Асқар Жұмағалиев.

Асқар Жұмағалиев Свердловск Суворов әскери училищесін, Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін және Швейцария федералдық технологиялар институтын (Лозанна қаласы) бітірген. Әр жылдары "Жарық" ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінде сектор меңгерушісі, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, "Қазақтелеком" АҚ президенті болды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрі, Көлік және коммуникациялар министрі болып, Байланыс және ақпарат агенттігіне төрағалық етті.

Осыған дейін ҚР СІМ баспасөз қызметі бүгін, 26 наурызда Пекин уақыты бойынша 14.30-да "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровтың Қытайда қайтыс болғанын хабарлады. Оның жүрегі тоқтап қалған. 31 наурызда "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы компаниясының уақытша міндетін атқарушы болып осыған дейін басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып келген Айдар Әріпханов тағайындалған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай