ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин "Орталық-Оңтүстік" автокөлік дәлізінің Астана-Теміртау автожолы учаскесінде көшпелі кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдеріне сілтеме жасап. Аталған жоба "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр.
Кеңес барысында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов, ҚР ИДМ министрінің орынбасары Берік Қамалиев және "Иврус" ЖШС, "ДС Нойбург" ЖШС, "АКМ" ЖШС, "АБК Автодор НС" ЖШС, "Дорстрой" ЖШС мердігер ұйымдарының басшылары есеп берді.

Астана-Теміртау жаңа автобанының жалпы ұзындығы 171 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда автожолдың қайта құру жұмыстары аяқталуға тақап қалды.
Автожол I-а техникалық санатының нормативтері бойынша 140 км/сағат есептік жылдамдығымен құрылуда. Қарама-қарсы жолақтар қисық сызықты бруспен бөлінген, ол ЖКО санын кем дегенде 3 есеге қысқартуға, ал зардаптардың ауырлығы мен жарақаттану деңгейін 8 есеге азайтуға мүмкіндік береді.
Автокөлік жолын қайта құру жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес әрі барлық технологияларды сақтау арқылы жүргізілді.
Қайта құру жұмыстарынан кейін учаскенің өткізу қабілеті тәулігіне 6 мыңнан 28 мың автокөлікке дейін арттырылатын болады.
Жүргізушілерге қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында автожол бойындағы Аршалы мен Ошағанды ауылдарында жылыту пункттері бар екі жол сервисі нысандарын құрастыру қарастырылған.
Биыл жұмыстарды аяқтауға 51,5 миллиард теңге бөлінді. Учаскелерге 2 мыңнан астам жұмысшы тартылды және 1 200 мыңға жуық бірлік техника жұмылдырылды.
Жолдарды жөндеу кезінде пайдаланылатын материалдардың 85 пайызы қазақстандық өндіріс материалдары болып табылады.
Ағымдағы жылдың соңына дейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 920 км автомобиль жолдарын пайдалануға береді. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінде толық, Астана - Теміртау, Алматы - Талдықорған, Ақтау - Бейнеу, Көкшетау - Петропавл учаскелерінде қозғалыс ашылады. Қостанайда Тобыл өзені арқылы өтетін және Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлер пайдалануға беріледі.
Кеңесті қорытындылай келе, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астана-Теміртау учаскесін жөндеу бойынша негізгі жұмыстар орындалғанын атап өтті. Сонымен бірге, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ биылғы 10 қарашаға дейін жолды жайластыру және көліктің үздіксіз қозғалысы үшін қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды аяқтау тапсырылды.