04 мамыр 2021 16:16

Әскерден қашып кеткен жігіт павлодарлық футболшы болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Павлодарда әскери комиссариаттан қашып кеткен екі жігіттің бірі бірнеше жыл бойы павлодарлық футбол командаларының құрамында ойнағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда әскери комиссариаттан қашып кеткен екі жігіттің бірі бірнеше жыл бойы павлодарлық футбол командаларының құрамында ойнағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рүстем Назымбеков 20 жаста. Ол 2018 жылы "Ақсу" футбол командасының құрамында ойнаған, 2019 жылы "Екібастұз" ФК-ға ауысқан, бірақ белгілі бір себептермен шығып кеткен. 

"Оның баласы бар, оны қалай әскерге алғанын білмейміз. Біздің командада ойнамайтынына екі жыл болды. Ойыншы ретінде болашағы бар еді, спортқа бейімі жақсы болған, одан жақсы кәсіби футболшы шығар еді. Жігіт ерте үйленді. Командадан кетіп бара жатқанда отбасы жағдайына байланысты екенін айтқан", - деді "Екібастұз" футбол клубындағылар.

Сондай-ақ, жігіттің достары ол сабырлы, тәртіпті болғанын атап өтті.

Ал қашып кеткен екінші жігіт, 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязовтың туыстары ҚР Әскери прокуратурасы мен Қорғаныс министрлігіне шағым дайындап жатыр.

Жігіттің анасы Гүлмира Құлниязованың айтуынша, 26 сәуірде баласы Екібастұз әскери комиссариатына құжатқа белгі қою үшін өзі барған. Бұған дейін жігіт бірқатар созылмалы ауру мен салмақ жетіспеуіне байланысты әскерге шақыруы кейінге қалдырылған екен. 

"Сол күні ұлымды шақыру қағазынсыз, ескертусіз автобусқа отырғызып Павлодарға алып кетті. Казармаға қоныстандырып, медициналық комиссиядан өткізді, бірақ нәтижелерін хабарламады. Ұлымның сөзінше, әскери комитеттің қызметкерлері оларға жарамсыз болсаң да, әскерге баратынын айтқан. Бір апта бойы балам казармада болды. Ол қандай да бір қысым көрмесе, ешқашан үшінші қабаттың терезесінен секірмес еді", - дейді ол. 

Әйелдің айтуынша, ұлы шақырудан жалтарған жоқ және жасырынбады. Ол Екібастұзда банкте менеджер болып жұмыс істепті. 

"Менің ойымша, әскери комиссариат тарапынан үлкен заңбұзушылықтар мен қысым жасалды, әйтпесе олардың ешқайсы қашуға асықпас еді. Сол күні тағы бірнеше жігіт қашып кетуге тырысты дейді, бірақ видеоға менің ұлым мен тағы бір жігіт түсіп қалған", - дейді әйел.

Жігіттің анасы қазір баласы ауруханада жатқанын айтты.

Еске салайық, Желіде Павлодар әскери комиссариатының үшінші қабатынан секіріп кеткен екі жігіттің видеосы тараған болатын. Кейін Қорғаныс министрлі олар мерзімді әскери қызметке шақырылғанын және қызметтен босату үшін заңды негіз болмағанын мәлімдеді. ҚК-нің 387-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлды (2 миллион 917 мың теңге), не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды я бір жылға дейін бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети